7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елордада адасып кеткен кішкентай қызды тауып, ата-анасымен табыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 қаңтарда Астана қаласының Нұра ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқарған әскери жасақ бастығы қатардағы Буняд Музаффаров пен патрульші қатардағы жауынгер Жүрсін Ерлікұлы көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген бес жасар қызды байқады. Белгілі болғандай, ол ата-анасынан алыстап, адасып кеткен.
Біз бұл туралы әскери жасақтар бойынша кезекшіге дереу хабарладық. 15 минуттан кейін қыздың анасы бізге келді. Анасына қызын тапсырдық, - деді қатардағы жауынгер Буняд Музаффаров.
Сәбидің ата-анасы әскери жасаққа, сондай-ақ әскери бөлімнің қолбасшылығына зор алғысын білдірді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?