1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлордада 15 шілдеден бастап 9 автобустың бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Осы жылдың 15-19 шілде аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі жол бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады CTS.
Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады. Сондай-ақ №50, 53, 61 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
Сондай-ақ көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 15 шілдеден бастап қалалық №40, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасына ішінара өзгерту енгізіледі.
Осы жылдың 15-18 шілде аралығында Қорғалжын тас жолының Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ № 21, 32, 44 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
Сонымен қатар Ы.Алтынсарин ауылы тұрғындарының өтініші бойынша және көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 15 шілдеден бастап № 319 қала маңы бағдарының қозғалыс сызбасына ішінара өзгерту енгізіледі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?