Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңарды. Бұл жаңа автобустардың арқасында мүмкін болды. Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам автобус шықты. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қоғамдық көлік пен жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын арттыру, жайлылық пен қолжетімділікті жақсарту арқылы қоғамдық көлікті пайдалану үлесін арттыру.
Биыл жалпы ұзындығы 60 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көпірдің құрылысы аяқталды, бұл Мәңгілік Ел даңғылындағы көлік ағынының азаюына әсер етті, сол сияқты оң және сол жағалаулар арасындағы жылдам қозғалысқа септігін тигізді. Сондай-ақ, жыл сайын қалаға жаңа автобустар жеткізіп, қоғамдық көлік паркін жақсарту бойынша жұмыс істейміз, - деді Астана әкімі.
Мысалы, биыл желіге 300-ден астам автобус шықты. Екі жыл ішінде автобус паркі 706 жаңа автобуспен толықты. Осылайша, қаланың автопаркі 45%-ға жаңартылды.
2025 жылы қоғамдық көлік паркін тағы 300 бірлікке ұлғайту жоспарланып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?