20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 300 мыңнан астам оқушы есірткінің зияны туралы диктант жазды. Мұндай шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу және жолын кесу, есірткі қылмысының салдары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының 1, 2-курс студенттерінен және жоғары сынып оқушыларынан есірткіні қолданудың зияны туралы қалалық диктант алды. Жазбаша жұмыстармен қатар, полиция қызметкерлері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізді.
Студенттерге нашақорлықтың салдары, нашақорлыққа тәуелділіктің қалыптасуы және психиканың бұзылуы, сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделетіні туралы айтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара жасөспірімдерді есірткіге, ішімдікке тәуелді болмауға, қылмыс жасамауға, өзінің жарқын болашағын ойлауға дәріптейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?