20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаланың негізгі міндеттерінің бірі – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов елорданың еңбек нарығындағы ахуал туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты және ерекше бақылауда, деп мәлім етті спикер. 2023 жылы елордада жұмыспен қамту шараларымен 24 мыңнан астам адамды, оның ішінде 16 мыңнан астам жасты қамту жоспарланып отыр.
27 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 22 312 адам қамтылды, оның ішінде 11 591 жас (35 жасқа дейінгі). Оның ішінде жұмысқа орналастырылды:
- тұрақты жұмыс орындарына – 7 407
- қоғамдық жұмыстар – 2 278
- жастар практикасы – 968
- әлеуметтік жұмыс орындары – 303
- бірінші жұмыс орны – 297
- күміс жас – 789
- ұрпақтар келісімшарты – 6
- ЛСИ-1 үшін арнайы жұмыс орындары – 1
- кәсіптік оқыту – 209
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту – 8 628
- сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту – 971 адам.
«Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға барлығы 132 грант берілді. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 380 000 теңге). 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға жылдық 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде микрокредит берудің жаңа тетігі енгізілді. Конкурстық комиссия жастардың 323 бизнес-жобасын мақұлдады, 229 кредит төленді», - деді спикер.
Сонымен қатар 43 462 жұмыс орны құрылды.
«Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында 2 330 жұмыс беруші 4 966 бос орын орналастырды. Есепті кезеңде қалада 32 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?