Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлордада жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік қозғалысының сызбаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.
Мекеменің мәліметінше, Астанада уақытша 20 бағыттың қозғалыс схемасы өзгертілген. Атап айтқанда, №7, 56, 61, 63 бағыттарындағы автобустардың қозғалыс бағыттары уақытша өзгертілді.
Сонымен қатар "Қазақ технология және бизнес университеті" аялдамасына баратын жол уақытша жабылды. Осыған байланысты №7, 17, 42, 44, 45, 49 және 62 бағыттардағы автобустар бұл аялдамада жолаушыларды отырғызу мен түсіруді уақытша тоқтатқан.
Қоғамдық көліктер қозғалысына енгізілген өзгерістер бұнымен шектелмейді. №17, 44, 45, 61 және 62 маршруттарының сызбалары да уақытша жаңартылды.
Қозғалыс сызбалары №2, 6, 16, 37, 39, 42, 56, 71, 304, 322 және 503 бағыттарында да уақытша өзгеріске ұшыраған.
CTS компаниясы қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова