Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 7 қаңтардан 8 қаңтарға қараған түнде қала көшелерін қардан тазартуға 360-тан астам жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, күндіз қаладан 2763 рейспен 37 мың текше метр қар шығарылды. Ал жалпы қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 192 051 рейспен 2 499 081 текше метр қар шығарылған.
Ережелерге сәйкес, ең алдымен кептелісті болдырмау үшін өте көп жүретін жерлер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылықтағы учаскелер мен алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы да бас орындар тазаланады. Бұдан өзге орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттарының жүретін жерлерін, аялдамалар мен тротуарларды тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар техниканың нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылау камераларымен және жарықтандырумен жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда “112” нөміріне қоңырау шалыңыз,-делінген әкімдік мәліметінде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?