19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада «Жасыл Астана» эко-айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы жалғасуда, оның аясында қалада апта сайын жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер өтеді. Оларға 120 мыңға жуық адам қатысты.
30 қыркүйекте елордада аумақтарды тазалауға, ағаш отырғызуға және қоқыстарды шығаруға коммуналдық қызмет мамандарымен бірге кәсіпорындар, түрлі ұйымдар мен бизнес өкілдері атсалысты.
Коммуналдық сенбілік аясында қалада 1 240 жасыл желек отырғызылды. Жалпы аумағы 410 000 шаршы метр болатын саябақтар мен алаңдар тазартылды. 115 бірлік тиеу техникасы және 209 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
Мәселен, Ақбұлақ өзенінің жағасында, Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағанбетов көшесінің қиылысында, Ж.Омаров көшесі, Абай даңғылы, Ш. Уәлиханов көшелерінің шекарасындағы гүлзарда, Кирпичный елді мекенінде, Керей-Жәнібек хандар көшесінде, Ұлы Дала даңғылында, Жағалау скверінде, ӨДО маңында, Бейбітшілік, Күмісбек, Серкебаев көшелерінде ағаш отырғызылды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары