Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада әлеуметтік аз қамтылған жүз отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы және т.б. отбасылар бар.
Астана қаласындағы Алматы және Сарыарқа аудандары газға қолжетімділікпен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен 12 мың абонент. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-ақ құны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Әкімнің айуынша, қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі.
Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі әлеуметтік осал санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін жасаған. Оған материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер