Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстана қаласының тұрғынына "Сібір ойық жарасы" диагнозы қойылды деген күдікке байланысты ол елорданың инфекциялық аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пациент уақтылы профилактикалық ем алды. Аурудың клиникалық белгілерінің болмауын, пациенттің денсаулығының тұрақты қанағаттанарлық жағдайын ескере отырып, клиницистер "Сібір ойық жарасы" алдын ала қойылған диагнозды растаған жоқ.
Сонымен қатар, үздік сарапшы инфекционист дәрігерлерді, жетекші ғалымдарды (М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы), санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарын тарта отырып, осы жағдайды талдау бойынша қосымша консилиум өткізілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша диагноз алынып тасталды.
Бүгінгі таңда пациент қанағаттанарлық жағдайда стационардан шығарылды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер