Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана полициясы елорданың сол жағалауда орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде жұмыс істеген «БДСМ-студиясының» қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Студия жұмысы интернет желісінде жарияланған арсыз жарнама арқылы әшкереленген. Бұл дерек бойынша нысан иесі анықталып, заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізіліп, жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.
Мұндай орындар қоғамның моральдық құндылықтарына, мәдени мұрасына айтарлықтай қатер төндіреді. Әсіресе елорда — рухани әрі мәдени дамудың үлгісі болуы тиіс қала. Азғындыққа құрылған жалған «көңіл көтеру» түрлерінің таралуы жастарға кері әсерін тигізеді. Полиция халықты арсыздыққа итермелейтін, қоғамдық мораль қағидаларына қайшы кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді,-деп атап өтті полициядан.
Қалалық ПД азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді қызметтерді жарнамалау немесе заңсыз әрекеттерге қатысты барлық деректер жөнінде ішкі істер органдарына дереу хабарлауға шақырды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады