10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Астана Опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев «Одиссея-Arts» Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиаданың «Хореография» номинациясында I дәрежелі лауреаты атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Арт-олимпиадаға отбасылық фольклорлық ұжымдар мен түрлі жастағы нақты орындаушылар қатысты. Олар ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, ал «Театр өнері» номинациясында ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бір-бір нөмірден ұсынды.
Арт-олимпиаданың ұйымдастырушысы Кремль сарайы сахнасындағы гастроль аясында менің Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі өнер көрсетуімді көріп, байқауға қатысуға ұсыныс білдірді. Байқауға арналған нөмір А.Аданның «Корсар» балетінен па-де-дені дайындадым. Еңбегімнің халықаралық деңгейде бағаланғанына қуандым, мұндай құрмет әрбір әртісті шабыттандырады, - деді Қуат Кәрібаев.
"Одиссея-Arts" көпжанрлы арт-олимпиадасы "Білім, мәдениет және өнердің көпұлтты қоғамды дамыту факторы ретіндегі интеграциясы" халықаралық ашық форумы аясында өнердің әр түрін орындаушыларды, сондай-ақ түрлі мәдениеттер мен ұлт өкілдерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді