Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін «Астана Опера» театрында классик композитор С. Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойына арналған концертте Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Мадина Файзиева өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Романспен кездесу» вокалдық музыка кешінде М.Файзиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері «Астана Операның» жетекші солисі Бибігүл Жанұзақпен және баритон Азамат Жылтыркөзовпен бірге өнер көрсетеді.
Мадина Файзиева — Өзбекстанның атақты пианистерінің бірі, әлемдік сахналарда да белсенді өнер көрсетіп жүрген тұлға.
Италия, Германияда халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып, пианистерді тәрбиелеп шығарғаны үшін «Тасанно» сыйлығымен, «Халықтық білім беру саласының үздігі» медалімен және «Жыл музыканты» сыйлығымен марапатталған.
Әлбетте, мен «Астана Опера» театрының даңқы мен оның атақты солистері туралы көп естідім. Қанық тембрлі, ғаламат дауысты қазақстандық әншілерінің арқасында Қазақстанның вокалдық өнері бүкіл әлемге танымал, - дейді пианист.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді