Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.
Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе австриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.
Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.
Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген Нидерланд өкілі Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.
Өткен жылы Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын, - деді Иржи Лехечка.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді