1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖоғары Мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Оманның Сұлтаны Ұлы Мәртебелі Хайсам бен Тариқ 2026 жылғы 5-6 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оман Сұлтанының Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынастарды дамыту тұрғысынан маңызды тарихи оқиға болды.
Сапар барысында келіссөздер жоғары деңгейде және табысты өтті, ол екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Көшбасшылар бірлескен жобаларды және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жолдарын, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Олар өзара құрмет пен сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастың достық ниеттегі әрі сындарлы сипатына ризашылығын, сондай-ақ өзара қызығушылық танытып отырған барлық салада ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға екі тараптың да мүдделі екендерін білдірді.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге, әуе қатынасы туралы, Оман – Қазақстан іскерлік кеңесін құру туралы және бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісімдерге, сондай-ақ Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы және түрлі саладағы ынтымақтастықты қамтитын бірқатар ведомствоаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Жоғары Мәртебелі Президент пен Ұлы Сұлтан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуын жан-жақты қарастыра отырып, бірқатар маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасып, мыналар туралы мәлімдеді:
1. Мемлекеттер басшылары Оман мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар достыққа, өзара құрметке және сындарлы ынтымақтастыққа негізделгенін атап өтіп, Қазақстан мен Оман арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады. Екі тарап көпжақты ынтымақтастыққа және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына, соның ішінде барлық мемлекеттердің егемендігіне, тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына құрмет көрсетуге бейіл екендерін растады, даулар мен қақтығыстарды бейбіт, саяси және дипломатиялық жолдармен шешудің маңызын атап өтті.
2. Мемлекеттер басшылары екіжақты сауданы одан әрі кеңейту және әртараптандыру үшін айтарлықтай әлеует барын атап өтті. Олар екі ел арасында алмасатын тауарлар мен өнімдердің түрлерін кеңейтуге, қолданыстағы сауда кедергілерін жоюға және екі елдің өнімдеріне, бір-бірінің нарықтарына кеңірек қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдетуге бағытталған үйлестірілген шараларды жүзеге асыруға келісті.
3. Мемлекеттер басшылары энергетика, табиғи ресурстар, өндіріс, тамақ өңдеу, денсаулық сақтау, логистика, туризм, жаңартылатын энергия және тау-кен өндіру сияқты өзара мүдделі салаларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын растады. Екі көшбасшы энергетика, жаңартылатын энергия, тау-кен өндіру және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы бірнеше келісім мен меморандумды құптады.
4. Мемлекеттер басшылары басым экономикалық салаларда инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Олар өзара инвестицияларды арттыруға, жаңа өндірістік қуаттарды құруға, жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін, бірлескен экономикалық бастамаларды ілгерілететін айтарлықтай мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті. Екі тарап та Қазақстан – Оман инвестициялық қорын құруды құптады. Олар Астана халықаралық қаржы орталығы мен Оман халықаралық қаржы орталығы арасындағы іскерлік байланыс пен өзара тиімді серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
5. Мемлекеттер басшылары Қазақстан – Оман үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін атап өтті және оның өзара қызығушылық танытып отырған барлық салада екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтудегі шешуші рөлін құптады.
6. Мемлекеттер басшылары Орталық Азия мен Шығанақ елдері арасындағы көлік және логистика байланыстарын нығайтудың стратегиялық маңызын атап өтті. Олар Қазақстан мен Оманның Орталық Азия, Таяу Шығыс, Африка және басқа да негізгі аймақтар арасындағы нарықтарды байланыстыратын, тиімді және тұрақты көлік-логистика дәліздерін дамытатын айтарлықтай әлеуеті барын атап өтті.
7. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Оман арасында тікелей және тұрақты әуе қатынасын мүмкіндігінше тезірек орнату маңызды екенін атап өтті. Мұны екі ел арасындағы бизнес, туризм, мәдениет салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал ететін маңызды фактор ретінде мойындады.
8. Мемлекеттер басшылары ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында ынтымақтастықты кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.
9. Мемлекеттер басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өзара мүдделі екендерін растады. Тараптар энергетика, мұнай-химия, өнеркәсіптік өндіріс және өңдеу салаларында өзара тиімді бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеуге дайын екенін білдірді.
10. Мемлекеттер басшылары цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, инновациялар және адами капиталды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға айтарлықтай әлеуеттерінің бар екенін атап өтті. Тараптар екі елдің технологиялық компаниялары, инновациялық хабтары, академиялық және білім беру мекемелері арасында білім алмасу, инновацияларды енгізу және өзара тиімді бастамаларды жүзеге асыру үшін тығыз өзара іс-қимыл мен серіктестікті дамытуға дайын екендерін білдірді.
11. Мемлекеттер басшылары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, соның ішінде студенттер және оқытушылар алмасуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын ілгерілетуге қызығушылық танытты. Тараптар екі елдің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу және академиялық мекемелері, мәдени ұйымдары арасындағы институционалдық байланыстар мен алмасуларды одан әрі дамытуды қолдады.
12. Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде тұрақты саяси диалог пен байланыстарды сақтауға дайын екендерін растады. Олар екі ел үкіметтері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды және үкіметтік ведомстволар мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ниетті екендерін білдірді.
Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы мәртебелі Сұлтан Хайсам бен Тариққа Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары үшін, сондай-ақ Қазақстан – Оман арасындағы сан қырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын айтты.
Ұлы Мәртебелі Сұлтан Хайсам бен Тариқ өзіне және делегациясына құрмет көрсеткені, сондай-ақ жылы шыраймен қарсы алғаны үшін Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасымен достық қарым-қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ниетін растады және Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Оман Сұлтандығына сапармен келуге шақырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім;
3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы бірлескен инвестициялық құрылым (қор) құру туралы келісім;
4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы Blue City Rixos бірлескен жобасы шеңберіндегі негізгі шарттар туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Оман Сұлтандығы Қаржы министрлігі арасындағы қаржы саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
6. «Атамекен» ҰКП мен Оман Сұлтандығы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;
7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен OQ Exploration & Production компаниясы арасындағы геологиялық барлау саласы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
8. Еуразиялық даму банкі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы келісім.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?