Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 гектар алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.
Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылды.
Оны сөндіру жел екпінінің қаттылығы, батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиынға соғуда.
Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?