Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС директоры болған Талғат Ардан 7 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Астана LRT ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды.
Сот шешімі бойынша LRT ЖШС басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол жазасын қауіптілігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Жазаны өтеу мерзімі Сұлтанбековті ұстау және оны қамауға алынған күннен бастап есептеледі, - деді судья.
Талғат Ардан қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол да 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Талғат Ардан мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, іс бойынша айыпталушыларға 5,8 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылған. Бұған дейін Талғат Арданның Түркияда жүргені, Қанат Сұлтанбековтің АҚШ аумағында екендігі анықталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді