20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы Триатлон саябағында баскетболдан жастарға арналған ашық жаттығу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Қазақстанда ғана емес, ВТБ Бірыңғай лигасында шетелдік клубтармен шеберлік байқасып жүрген «Астана» баскетбол клубының ойыншылары елорда жастарының шеберліктерін арттыру мақсатында ашық кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кәсіпқой баскетболшылар пайдалы кеңестер беріп, дұрыс секірудің әдісін көрсетті. Кейін жиналған жастар кезекпен клуб ойыншысымен бірге-бір ойнап, нағыз баскетболды сезінді. Ал себетке дәл түсірген жасөспірімдер арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Funny sport жобасы салауатты өмір салтын насихаттайды. Жобамызда көптеген спорт шаралары қамтылған. Бүгін көше баскетболынан арнайы жаттығу ұйымдастырылды. Елордамыздың басты спорт клубының бірі саналатын «Астана» баскетбол шеберлері жас ұрпаққа тәжірибелерін көрсетті. Бұл жақсы эмоция сыйлайды деген сенімдеміз. Жалпы бұл жоба арқылы біз қаламыздағы барлық спорт алаңдарын қамтып, тегін қай жерде айналысуға болатынын көрсетеміз, - деді іс-шара ұйымдастырушысы Жамиля Федосова.
Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын түсіндіріп, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?