18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Еуропа лигасының үшінші іріктеу раундында «Астана» өз алаңында Болгарияның «Лудогорец» клубын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Клубтардың негізгі құрамдары мынадай:
«Астана»: Чондрич, Бейсебеков, Марочкин, Томашевич, Вороговский, Эбонг, Оганесян, Айымбетов, Урега, Лончар, Дарбо;
«Лудогорец»: Падт, Петровски, Гонсалвеш, Десподов, Витрю, Руссо, Вердон, Сонко-Сундберг, Текпетей, Хайстер, Руан Секо.
Григорий Бабаян негізгі құрамға аздап өзгеріс енгізіп, Марин Томасовты қосалқы құрамда қалдырып, Абат Айымбетов пен Дембо Дарбоны алаңға шығарды.
Алғашқы таймда қарсыластар тең есеппен тарқасты – 1:1. Қонақтар 37-минутта есеп ашты. Болгариялықтар сапынан Ноа Сонко-Сундберг мергендік танытса, 40-минутта алаң иелері сапынан Жарко Томашевич есепті теңестірді.
Ал екінші таймда қарқын қосқан елордалықтар екінші голды соқты. 53-минутта аяғына доп тиген Александр Марочкин мүлт кеткен жоқ.
Командалар арасында қарымта матч 17 тамызда Разградта өтеді.
«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) – 2:1 (1:1)
Голдар: Сонко-Сундберг 35 (0:1), Томашевич 41 (1:1), Марочкин 53 (2:1).
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр