10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыНашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында, сондай-ақ Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша кешенді жоспарды іске асыру аясында елордада “Астана – есірткісіз қала” ұранымен велошеру өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Велошеруге полиция департаментінің қызметкерлері, әкімдік, спорт секциялары мен жастар қозғалысының өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шарада 700-ге жуық адам бой көрсетті. Олар 10 шақырым қашықтықты бағындырды. Сапар барысында велошабандоздармен полицияның патрульдік көліктері және эскорд взводы ілесіп жүрді.
Велошеру нашақорлық мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл – бүкіл қоғам үшін проблема. Онымен бәріміз бірге жұмыла күресуіміз қажет. Жыл басынан бері Астана полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымынан жалпы салмағы 60 келіден астам есірткі затын тәркіледі, - деді елордалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді