23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласына 90-ға жуық жаңа автобус жеткізілді. Осы айда тағы 40-қа жуық автобус әкелінеді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қоғамдық көліктің бір бөлігі – электр автобустары. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы орындармен жабдықталған.
Жалпы, биыл қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады. Осылайша, 400 жаңа автобус автопаркті едәуір ұлғайтуға, жаңа маршруттарды іске қосуға, қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді, – деді Жеңіс Қасымбек.
Автобустардың бір бөлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша, сол сияқты жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады