23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгіннен бастап Астана халықаралық әуежайы алдындағы автотұрақ бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әуежай өкілдеріне сілтеме жасап.
Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2 000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге тұрады. P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3 000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4 000 теңге. Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі, - деп жазылған әуежай таратқан хабарламада.
Сонымен бірге, жүргізушілер көлігін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдыра алады.
Нәтижесінде өзге жолаушылар мен шығарып салушыларға тұрақтан бос орын табылмай жатады. Жолаушылардың көлігін тұрақта ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді. Әуежайдың көлік тұрағы транспортты қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Көлікті ұзақ мерзімге әуежайдың тегін тұрағына қалдыруға болады, - дейді әуежай өкілдері.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады