Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКөктемгі күн мен түннің теңелу күніне орай Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда әуежайында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дирижер капитан Нұрлан Кучкаровтың жетекшілігімен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың музыкалық ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.
Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы әндер көрерменді ерекше таң қалдырды.
Маған әскери оркестрдің қойылымы өте ұнады. Мен өз Отанымда мұндай концертті ешқашан көрген емеспін. Әдемі пішін және әйгілі хиттердің керемет орындалуы керемет, – деді АҚШ-тың Калифорния штатынан келген оқытушы Робин Пирс.
Жолаушылар мен шығарып салушылар музыканттармен қосылып ән айтып, оларды суретке түсіріп алып жатты. Ұлттық киімдегі ақ жаулықтылар шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.
Мен Омбыға ұшып барамын. Әскери музыканттардың өнеріне тәнті болдым. Абайдың шығармалары әлемге танымал. Маған «Көзімнің қарасы» әні қатты әсер етті, - деді Светлана Сафонова.
Ведомстводағылар әскери музыканттардың қойылымын құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының дефилесі толықтырғанын атап өтті. Сымдай түзелген жігіттер де саптық қимылдарымен көрермендерді бірден баурап алды.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес