20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана, Қарағанды және Павлодар қалаларының тұрғындары аспанда ұшып бара жатқан (немесе құлап жатқан) беймәлім нысандарды байқаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қалың көпшіліктің қызу қызығушылығын тудырды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аспанында көрінген бұл нысанның нақты қандай ғарыш аппараты екені анықталған жоқ. Алайда оқиғаны жүздеген мың қазақстандық өз көзімен көріп, куә болды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді:
Қазақстан аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл құбылыс атмосфераға кірген ғарыш аппараттарының сынықтарына немесе метеориттік ағынға ұқсайды. Әдетте мұндай нысандар тығыз атмосфера қабаттарында жанып кетеді де, жерге жетпейді. Азаматтарды сабыр сақтап, расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қосымша түсініктеме береді, – делінген мәлімдемеде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?