2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМаусым айының бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді Өңірлердегі баға көрсеткіші сенбі, 8 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Сауда комитетінің мәліметі бойынша, бір апта ішінде тауар мен көкөністің 10 түріне баға төмендеді: күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сүзбе, 1 сұрыпты ұн, тауық жұмыртқасы, макарон өнімі, сәбіз, пияз және қырыққабат. Картоптың бағасы 4,4%-ға көтерілді. Бұл көкөніс түріне бағаның өсуі Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелді.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы қазір тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен әкімдіктердің ерте шығатын өнімге форвардтық келісімшарттарды уақтылы жасасуы баға ауытқуларын реттей алады.
Алматының базарларын тұрақты бағадағы өніммен толтыру үшін көкөністерді тікелей жеткізушілер аздық етеді. Осыған байланысты Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына жақын маңдағы облыстардан көкөністерге кепілдік беретін жеткізушілерді республикалық маңызы бар үш қалаға бекіту міндетін қойды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үздіксіз жеткізу кепілдігін қамтамасыз етуі тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша ӘКК жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Атап айтқанда, 2025 жылдың маусымаралық кезеңінде қазақстандықтарды тұрақты бағадағы көкөніспен қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 1 тамызға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен өнім сатып алуды қаржыландыру қажет.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова