Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Байқоңыр ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Кездесу 5 сағатқа созылды. «Ашық микрофон» форматында ниет білдіргендердің барлығы сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер), жолдар, инженерлік желілер, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, ауданды абаттандыру мәселелерін қозғады.
Осыған дейінгі кездесулерде тұрғындар Өндіріс елді мекенінде электрмен жабдықтау мәселесін бірнеше рет көтерген. Сонымен, биыл ЭЧ-8 электрмен жабдықтау желісін «Астана - АЭК» балансына беру жұмысын аяқтадық. Бұл желілерді жедел модернизациялауға және апаттарды жоюға мүмкіндік береді.
Сол сияқты ауданда тозығы жеткен апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін ауданда 9 апатты үйді бұзу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қала тұрғындарының жайлы демалысы үшін ауданда заманауи 7 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, ұзындығы 10 шақырымға жуық пандустары бар жаяу жүргіншілер тротуарлары жабдықталды, 12 көше асфальтталды.
Кездесу барысында көтерілген проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды. Біз оларды қысқа, орташа және ұзақ мерзімді деп бөлеміз», – деп жазды елорда әкімі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?