23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ауа райына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Боран мен қатты желге байланысты қаланың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қала көшелерін қардан тазартып, қажет жағдайда жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуді жалғастыруда. Қарт кісілер мен балалар жарақат алмас үшін сыртқа шықпағаны жөн, - дейді қала әкімі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өте мұқият болуы, арақашықтықты және жол қозғалысының барлық ережесін сақтауы керек.
Сол сияқты ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер, оның ішінде қаланың тас жолдарына қатысты ақпаратты назарда ұстауды сұраймын, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады