Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы32363 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көпбалалы отбасыларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, жесірлерге және жалғызбасты аналарға мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бөлімнің жеке құрамы 15 оқушыға мектеп сөмкелерін алып, ішін қажетті кеңсе заттарымен толтырды.
Бөлімнің басшылығына және 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының барлық жеке құрамына көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді 32363 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Шынар Ахметова. – Сыйлық сөмкелерінде оқушыға қажет нәрсенің бәрі: дәптерлер, альбомдар, күнделіктер, қаламдар, қарындаштар, бояулар және пластилиндер бар.
Жыл сайын десантшы жауынгерлер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Осылайша, әскери қызметшілер қиындыққа тап болған адамдарға қол ұшын береді. Мұқтаж адамдарға материалдық және моральдық қолдау көрсету оларға сенімді нығайтып, достықты дәріптеуге мүмкіндік береді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді