Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚорғаныс министрлігінің оқу орындарында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жүзден астам бала ойын-сауық бағдарламасына қатысты.
Алғашқы минуттардан бастап балалар көңілді және сиқырлы атмосфераға еніп кетті. Ертегі кейіпкерлері өмірге келіп, курсанттар аниматорлардың бейнелерінде ойындар, конкурстар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырды. Курсанттар әр баланың назарын аударып, мерекенің және жылуын сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты.
Егемен еліміздің жарқын болашағы - балалар. Балалық шақтарың қуаныш пен махаббатқа толы болсын. Сендердің тыныштықтарың үшін ата-аналарың күн-түні қызмет етеді. Армандарың орындалсын!, – деп балаларды әскери жоғары оқу орнының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов құттықтады.
Кездесудің ең ұмытылмас сәттерінің біріне айналған курсанттардың жарқын дефилесі балалардың ерекше таңданысын тудырды.
Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының аумағында 400-ден астам әскери қызметшінің балаларына арналған ауқымды іс-шара өтті. Олар үшін спорттық жарыстар, концерттік бағдарлама, ашық аспан астындағы қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұйымдастырылды.
Спорттық байқаулардың жеңімпаздары естелік сыйлықтар алды. Балалар техниканың үлгілерін қуана қарап, әскери қызметшілермен суретке түсті. Балаларға балмұздақ пен тәттілер таратылды.
Іс-шаралар жылы, көңілді атмосферада өтті. Әр бала мерекеден сыйлықпен ғана емес, естен кетпес естелікпен қайтты.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес