23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтау гарнизонында әскери-теңіз базасында Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
Салтанатты рәсім Мемлекеттік Туды көтеруден, сондай-ақ мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Іс-шараға Әскери-теңіз базасының, әртекті кемелер дивизиясының, десанттық-шабуылдау батальоны, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ бір апта бұрын қызмет етуге келген жас матростар қатысты.
Әскери-теңіз базасының командирі, 2 дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы алғыс айтып, құттықтау сөз сөйледі.
Құрметті теңізшілер, Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын! Бұл - бостандықты, күш пен әл-ауқатты бейнелейтін мереке. Елдің әр азаматы бүгін маңызды күн. Аспанымыз әрқашан ашық және жарқын болсын, бүкіл халық бір үлкен отбасы сияқты бірлікте болсын. Еліміз өркендей берсін. Әр отбасыға және әр үйге келісім, бейбітшілік, түсіністік пен бақыт тілеймін, - деді 2 дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.
Іс-шара әскери оркестр мен десант-шабуыл батальоны ұжымының көркемөнерпаздар концертімен аяқталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады