7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Алматыда Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері 23 тамызда 70 жасқа толған отставкадағы 1-ші дәрежелі капитан Марат Төлекбаевқа барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов пен Алматы қаласы әкімінің көмекшісі полковник Ержан Рымбеков Марат Әбсаттарұлына көп жылғы қызметі және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Сіз Әскери-теңіз күштерін құрудың бастауында тұрдыңыз. Әскери-теңіз институтының бастығы кезінде курсанттарға терең білім алуға үлес қостыңыз. Бүгін сіздің шәкірттеріңіз Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін басқарады, – деді полковник Жұмабек Хасенов. – Сіздің бай тәжірибеңіз әскери теңізшілердің қазіргі буыны үшін өте құнды.
Әңгіме барысында мерейтой иесі ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Марат Әбсаттарұлының екі атасы Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда жараланған.
Барлық сынақтардан абыроймен өткен аға буынның үлгісі қашанда ұрпаққа өнеге және Отанға жанқиярлықпен қызмет етуді солардан үйренуіміз керек, – деді ол.
Адмирал С. Макаров атындағы Тынық мұхиты жоғары әскери-теңіз училищесінің түлегі отставкадағы 1-дәрежелі капитан Марат Төлекбаев қонақтарға шын жүректен алғысын білдірді. Ол Әскери-теңіз күштерінің дамып келе жатқанын және жалпы армияда болып жатқан өзгерістерді қызығушылықпен бақылап отырғанын айтты.
Әскери қызметшілер Марат Әбсаттарұлына алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?