20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын Қарулы күштердің жеке құрамы белсенді түрде қолдап келеді. Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазақстанның барша өңірінде өткен экологиялық акцияға барлық гарнизондар атсалысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астанада жалпықалалық сенбілік аясында Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, Құрлық әскерлері құрылымдық бөлімшелерінің және әскери оқу орындарының басшылық құрамы мен жеке құрамы көшелерді, скверлерді, тұрғын үй алаптарын және іргелес аумақтарды тазалауға шықты.
Қорғаныс ведомствосының басқармалары мен департаменттері үшін тазалық жұмыстары Ақмешіт көшесінде, Сығанақ, Жәнібек пен Керей хандар көшелерінің арасындағы аумақта жүргізілді. Қарулы күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимаратының айналасын тазалады.
Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарының айналасын, сондай-ақ Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарын тазалауға атсалысты.
Бұдан бөлек, ведомствоның жеке құрамы әскери қызметшілер тығыз орналасқан аудандарда – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, Жансүгіров және Янушкевич көшелері, сондай-ақ Ильинка кентіндегі коттедж қалашығында тазалық жұмыстарына тартылды.
Миллиондаған қазақстандықтарды біріктіріп отырған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына әскери қызметшілердің қатысуы – олардың халықпен бірлігінің айқын көрінісі және қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасының дәлелі. Әскери қызметшілердің еңбегі арқасында қаланың келбеті тазарып, көркейе түсті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?