18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алғыс айту күні Қарулы күштердің әскерилері мен ардагерлер бірлестіктері ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтап барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Астанада әскери қызметшілер Рзағұл Байкешевке, Владимир Дровосековке және Василий Сердюковке, ал Таразда – соғысқа қатысушы Геннадий Ивановтың үйінде болды.
Алматыда олар Дарбал Жабатаевпен, Екатерина Барановамен, Әбдірахман Ишмұхамедовпен, Василий Шипиловпен, Виктор Изюмниковпен және Зұлхарнай Сейітовпен кездесті.
Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің өкілдері майдангерлер Федор Ковалев пен Әлім Кебіров, Ақмола облысында Анатолий Комяков пен Иосиф Коминге барды. Шымкентте департаменттің әскери қызметшілері ардагерлер Мұраталы Төлепбергенұлы және Нина Мосуновамен әңгімелесті.
Қорғаныс ведомствосы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері майдангерлерді мерекемен құттықтап, хал-жайын сұрап, күнделікті, тұрмыстық мәселелерін шешуге дайын екендіктерін білдіріп, оларға зор денсаулық, берекелі ұзақ өмір тіледі.
Мерекелік іс-шаралар аясында Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі сауда орталығында ІІ дүниежүзілік соғыс ардагері Ділдәбек Нұрышевке арналған концерт ұйымдастырды. Майдангер жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен және қала тұрғындарымен бірге үрмелі аспаптар оркестрінің өнерін тамашалады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр