18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?«Еліміздегі әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі» тақырыбында өткен іс-шара барысында әскери колледж директоры полковник Түлеушев Ғазиз Әуесханұлы осылай деді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласындағы әскери колледжге оқуға жасы 15-ке толған, бірақ 17 жастан аспаған, 9 сыныпты аяқтаған жасөспімідер қабылданады. Оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды.
Кәсіпқой сержантты даярлау ҚР Қарулы күштері үшін талап етілетін 3 мамандық және 4 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі, Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу жөніндегі технигі, Инженерлік соперлік бөлімшелерді басқару, Радиациялық-химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бөлімшелерін басқару мамандықтары бойынша білім алады, - деп нақтылады спикер.
Полковниктің айтуынша, оқуды бітірген азаматтар сержант, кіші сержант атағын, сонымен қатар В және С1 санатындағы жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны туралы куәлікті алады.
Әскери колледжде оқуын үздік аяқтаған азаматтар жоғары әскери орындарына бірден 2 курсқа түсуге құқылы. Және қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады. Колледжден кейін әскери институттарға түсетін азаматтар колледжде оқу кезінде өткізілетін рейтингтік іріктеу нәтижелері бойынша ҰБТ тапсырмай қабылданатынын еске саламын, - деді ол.
2021 жылы Астанадағы Жас Ұлан республикалық мектебінің базасында құрылған әскери колледжден биыл алғашқы түлектер кәсіби сержант мамандығы бойынша білім алып шығады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр