Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде мерзімді әскери қызметтен кейін азаматтарға тегін білім алу мүмкіндігін беруді қарастыратын «Срочники 2.0» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы жоба туралы айтып берді.
«Осыдан бір жыл бұрын Қорғаныс министрі жетпіске жуық жоғары оқу орындарының басшыларымен меморандумға қол қойып, әскери қызметін үздік өткерген сарбаздар үшін жоғарғы оқу орындары есебінен тегін білім алу мүмкіндігін беруге келіскен болатын. Бұл мүмкіндікті Қарулы күштердің ғана емес, басқа да әскери күштердің сарбаздарына да беруді тапсырды. Әрине бастапқы кезеңде бұл жобаның іске асуына күмәнданушылар аз болған жоқ», - деп мәлім етті спикер.
Оның айтуынша, себебі жоғары оқу орнында тегін оқу үшін жолдама алған сарбазда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай, автоматты түрде өтуі жоспарланған.
«Дегенмен бұл жобаның әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталғанын ескере отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігі оны қолдап, биылғы жылы көктемде әскери борышын тәмамдап сарбаздар арасында іріктеу өтіп, ҰБТ тапсырмастан ең үздік сарбаздар қолдарына жолдамаларын алып, 1 қыркүйек күні студенттер қатарына қосылды», - деп хабарлады Ербол Құмарбекұлы.
Осылайша, биылғы жылы Отан алдында әскери борышын өтеген 3 мың азаматқа Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарына тегін түсу үшін жолдама берді.
ҚР Қорғаныс министрлігі Аппарат басшысының айтуынша, 2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет еткен азаматтарға жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік гранттар бөлінетін болады.
«Бұл мақсатта қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілу үстінде», - деді ол.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?