Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев әскерге азаматтарды күштеп әкетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерзімді әскерге шақыруға әкімдіктен бұйрық шығады. Онда комиссия құрылады. Комиссияның құрамынад денсаулық сақтау өкілдері, полиция департаментінің өкілдері және тағы басқа мамандар болады. Бұл жерде менің айтқым келетіні, сұрақ неліктен военкомат өкіліне емес, конституциялық заңда белгіленген тәртіпті орындамай жүрген адамға қойылмайды. Ал орын алып жатқан жағдайлардың барлығы әскери военкомат өкілдерінің заңды түрде іске асырып жатқан жұмысы, - деп түсіндірді вице-министр.
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин де бұл мәселеге қатысты пікір білдіре кетті.
Азамат бір жерде тіркеуде тұрса, ол басқа өңірге кеткен жағдайда ол туралы айтылмайды, хабар берілмейді. Сондықтан да ол тиісті түрде әскери басқару органына келмеген жағдайда тізім бойынша іздестірілуге беріледі. Сол себепті де осындай факторлар орын алады. Бірақ олардың саны көп емес. Мәселен, 40 мың азаматты шақырсақ, олардың ішінде 5-6 адамда ғана осындай фактор тіркеліп жатады, - деді Жангулин.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?