Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде мерзімді әскери қызмет өткерген 1500 азамат жоғары оқу орындарына тегін түсе алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздарды оқу орындарына бөлу жөніндегі комиссияның кезекті отырысында министрдің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев осы жылдың күзінен бастап мерзімді әскери қызмет кезеңінде көзге түскен жастар тегін білім алуға мемлекеттік грант алып қана қоймай, стипендия да алатынын айтты.
Министрліктің бастамасымен әзірленген «Срочники 2.0» цифрлық платформасында сарбаздардың жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлығына баға қойылады. Осылайша, іріктеу ашық жүргізіледі. Ал оқу орындары бойынша орындар әрбір сарбаздың бағасына қарай автоматты түрде таратылады.
Биыл Қарулы күштер, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында қызмет еткен 16 630 сарбаздың 10 268-і жеңілдікпен жоғары білім алуға шешім қабылдады. Былтыр көктемде әскерге шақырылған сарбаздар тегін оқуға түсті. Енді биыл күзгі шақырылымның сарбаздары арасында 1,5 мың орын таратылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?