Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘскерде жүріп басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емінің алғашқы кезеңін аяқтап, Астанаға қайтатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы белгілі құқық қорғаушы Инга Иманбай мәлімдеді.
Оның сөзінше, Ербаян енді 2-3 ай елде болып, ағзасын толық қалпына келтіргеннен кейін көктемде Түркияға қайта оралып, емінің екінші кезеңін бастамақ. Ол Астанада нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің бақылауында болады деп күтіліп отыр. Бір айдан кейін дәрігер өзі Қазақстанға келіп, Ербаянның жағдайын тексеретін болады.
Ербаянның Стамбұлдағы емін ұйымдастырып, барынша қолдау көрсеткен Динара мен Реджеп есімді азаматтарға да алғыс айтылған. Сонымен қатар, оның ата-анасы емнің алғашқы кезеңіне кеткен қаражат бойынша жақын арада есеп бермек.
22 жастағы Ербаян отбасында төрт балалы отбасының тұңғышы. Әскерге өз еркімен барып, бірнеше айдан кейін Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде бас сүйек-ми жарақатын алғаны мәлім болды. Оқиғадан кейін ол комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерилер оның жарақатын дәретханадағы құлау оқиғасымен байланыстырса, туыстары бұл нұсқамен келіспейтінін айтқан.
2023 жылдың қыркүйек айында Ербаянды Стамбұлдағы «Медикал Парк» емханасына апарып, емдеу жұмыстары басталды. Алдағы кезеңдерде оның сауығуына ұзақ уақыт пен табандылық қажет екені айтылып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді