Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОн жылдан астам уақыт бойы қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күнін атап өтеді. Мұндағы мақсат – тәрбиенің бастауы – отбасы екенін ұқтырып, оның құндылықтарын сақтап, нығайту, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордада отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері өткізген онлайн-дәрістің арқасында әскери қызметшілер әкенің бала тәрбиесіндегі рөлінің қандай екенін білді.
Іс-шараға әскери қызметшілердің отбасылары, өңірлік қызмет мамандары, дәрігерлер мен психологтар қатысты. Қатысушылар ойларын ортаға салып, пікірталас өткізді.
Уролог-андролог Евгения Лапина мағыналы дәріс оқыды, ал 36352 әскери бөлімінің психологы капитан Ирина Гинда тренинг ұйымдастырды.
Психолог қазіргі кезде ер азамат әке атануға баланың анасымен бірдей байыппен дайындалуы керек дейді. Оған қоса әкесі өмірінің алғашқы күндерінен бастап күткен сәбидің психикалық және физикалық даму деңгейі жоғары болатынын, сезімтал және әкелеріне жақын болып өсетінін мысалға келтірді.
Елордадағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің мамандары өз жұмыстарында осындай шараларды жиі өткізеді. Келесі практикалық сабақ «Жақсы әке болудың бес жолы» деген атпен өтетін болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?