20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңа жылдың бірінші күні сарбаздар Бақтияр Мұратқалиұлы мен Ертай Айболат туған күндерін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мейрамның алғашқы күнін олар әдеттегі әскери тамақтан ерекшеленетін мерекелік таңғы астан бастады. Әрі қарай, күні бойы басқа да сарбаздар мен командирлері туған күн иелеріне ерекше ілтипат білдірді.
Бригада командирінің орынбасары Бақтияр Мұратқалиұлы мен Ертай Айболатты сап түзеген бүкіл бригада алдында салтанатты түрде құттықтады. Командир олардың әрқайсысының әскери ұжым өміріне қосқан үлесін атап өтіп, мұндай сәттер армиядағы риясыз достық пен бірліктің күшін бейнелейтінін атап өтті.
Мерзімді әскери қызметін бірге өтеп жатқан жауынгер достары мерекелік көңіл-күйдің көркін келтіріп гитараның сүйемелдеуімен ән шашу айтып, жауынгерлік рухты бір көтеріп тастады.
Туыстары мен жақындарының құттықтаулары Бақтияр мен Ертай үшін осы ерекше күннің маңызды бөлігіне айналды. Бейне қоңырау арқылы олар ата-аналарын, бауырларын, достарын көріп, денсаулық, сәттілік және үйге аман-есен оралу тілеген арнайы құттықтауларын естіді.
Туған күннің Жаңа жылмен сәйкес келуі, жолдастардың, туыстардың құттықтаулары және ерекше достық атмосфера бұл күнді ерекше етті. Сарбаздар мұндай туған күн өмірде бір рет болатынын және бұл олардың жадында мәңгі қалатынын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?