Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАуыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында шетелдік инвесторлармен кездесіп, олармен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ басшысы ирандық Solico Group компаниясының президенті Голамали Солейманимен әңгімелесу барысында, компанияның Таяу және Таяу Шығыстағы азық-түлік өндірісі бойынша ең ірі компаниялардың бірі болып табылатынын атап өтті. Осыны ескере отырып, министр Қазақстанның жақсы логистикасы мен ыңғайлы инфрақұрылымы бар өңірлеріне инвестициялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Айта кету керек, Solico Group Қазақстанда сүт өнімдері мен балалар тағамдарын өндіретін зауыт салу мәселесін қарастыруда.
Министр республикада ирандық компаниялардың қатысуымен ет комбинатын (Empire Food ЖШС, Алматы облысы) және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын (Жамбыл облысы Kaz-Ir Agro ЖШС) салу бойынша жобалар сәтті іске асырылғанын еске салды.
INOKS Capital бас директоры Набилем Массихпен әңгімелесу барысында Айдарбек Сапаров компанияның Алматы облысындағы құрама жем өндіру жөніндегі қазақстандық мал шаруашылығы үшін маңызды жобасын атап өтті. Сонымен қатар, осы салада қарқынды бау-бақша жобасының бірінші кезеңі аяқталып, егін жиналды. Соңғы кезеңде АХҚО жанынан жалпы сомасы 100 млн долларға дейін «Самұрық-Қазына Инвест» инвестициялық қорын құру тұр. Айдарбек Сапаров INOKS басшылығына қант зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. АШМ басшысының айтуынша, бұл ұсыныс – ынтымақтастықтың маңызды және перспективалы бағыттарының бірі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?