10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОтандық әнші Асхат Тарғын бауырларымен бірігіп әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің отбасында үлкен той болды. Өнер иесінің анасы 70 жасқа толған мерейтойына, сонымен қатар ата-анасының отау құрғанына 50 жыл толуына орай Тарғындар әулеті дүркіретіп той жасаған.
Бұл туралы Асхат Тарғын Instagram парақшасында бөлісті.
Кеше әулетімізде үлкен қуаныш той болды. «Қуанышты бөліссең көбейеді» дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік.
Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға жаяу жүрмесін деп көлік мінгіздік. Ауыл арасы, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын! – деп жазды әнші.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді