Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкенттік «Ордабасы» және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген командасынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚФФ-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Құрман хабарлады. Жақында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасының» қаржылық қиындықтары туралы айтып, Асхат Тағыбергеннің айына 20 миллион теңге жалақы алатынын, бірақ соған сай нәтиже көрсете алмай жүргенін мәлімдеген еді.
Белгілі болғандай, Тағыберген клубпен келісімшартты мерзімінен бұрын үзіп, өтемақы да талап етпеген.
Келісімшарттың аяқталуына 10 ай қалған. Бірақ ол өтемақы сұрамастан, ең тиімді шешімді қабылдапты, – деп жазды Нұрсұлтан Құрман өзінің Telegram-каналында.
Қазір футболшының қай клубқа ауысатыны белгісіз. Дегенмен, оған Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубы қызығушылық танытуда.
«Серый CARDINAL» Telegram-арнасының мәліметінше, Тағыбергенге «Тұран» мен «Қайсар» клубтары қызығушылық білдіріп отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде «Тобыл» клубының да оны қатарға қоспақ ниеті бар деген ақпарат тарады, алайда бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары