20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептердегі соңғы қоңыраудың шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер депутатқа «оқу жылының ұзарғаны, соңғы қоңыраудың шегерілгені оқушылардың біліміндегі олқылықтарды түзеуге мүмкіндік беретінін айтқан болатынсыз. Дегенмен қазір оқушылар мектепке кітаптарын өткізіп тастаған, сабақ оқып жүрген жоқ. Бұл қаншалықты орынды шешім болды деп есептейсіз?» деген сұрақ қойды.
Оқулық жинаса, бұл сұрақты маған қоймау керек. Бұл сұрақты Білім министрлігіне қою керек. Онда білімді, білікті кадрлар, қызметкерлер жеткілікті. Бұл мәселелермен әріптестеріміз айналысып, дер кезінде шешетініне сенімдімін, - деп жауап берді депутат.
Соңғы қоңыраудың 1 маусымға шегерілуіне қатысты ата-аналар да наразалықтарын білдірген болатын. Депутат бұл мәселеге байланысты былай деп жауап берді.
Біздің жұмыста тек бізге ұнайтын, барлығы қол соғатын шешімдерді қабылдамауымыз керек. Егер олай болатын болса, бұл тек популизм болмақ. Сонымен қатар біз ұнамайтын, мүмкін қазіргі уақытта түсінбейтін, бірақ елге, балаларға қажет болатын шешімдерді қабылдай білуіміз керек, - деп түсіндірді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?