Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАрыста газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті. Денесін күйік шалған екі адамның да жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арыс қаласындағы Қазыбек би көшесінде орналасқан үш бірдей коммерциялық нысан өртке оранды.
Бір қабатты шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкенді өрт шалды. 40 жастағы ер адам денесінің 65-70 пайызын күйік шалса, 36 жастағы екінші адам 25-30 пайыз күйіп қалған. Қазір екі зардап шегуші де орталық ауруханаға жатқызылды, делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқиға салдарынан 50 литр газ балоны жарылып, екі адамның денесін күйік шалды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен соң, наубайхана ішінен тағы 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс