Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАрыс қаласында екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттаған үшінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 тамыз күні белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атқан. Кейін қашып кеткен. Салдарынан үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Кеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам қолға түсті. Үшіншісі іздестіріліп жатқаны хабарланды.
ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын бірлесіп өткізген. Мәлім етілгендей, ұсталған үш күдіктінің бірі – тапсырыс беруші, қалған екеуі – орындаушы.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер