Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБритандық ғалымдар салмақ тастауға кедергі келтіретін өнімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тіпті дұрыс тамақтану режимін ұстанған жағдайда да фабрикалық тәттілер, дайын тағамдар мен өңделген ет өнімдері арықтауға айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.
Бұл туралы зерттеу Nature Medicine журналында жарияланды.
Тәжірибеге 55 ересек адам қатысқан. Алғашқы 8 аптада олар негізінен минималды өңделген тағамдармен тамақтанса, келесі 8 апта бойы олардың рационы ультраөңделген өнімдерден (UPF – ultra-processed foods) тұрды. Бұл өнімдерге әдетте бояғыштар, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар мен хош иістендіргіштер қосылады. Мұндай қосылыстар тағамның жарамдылық мерзімін ұзартуға және дәмін жақсартуға бағытталған.
Екі диетаның да ақуыз, май және көмірсулар үлесі бірдей болған. Қатысушыларға дайын тағамдар жеткізіліп тұрғанымен, тамақтану уақыты мен порция көлемін олар өздері таңдаған.
Зерттеу нәтижелері:
Зерттеушілер нақты себептерді әлі анықтамағанымен, ультраөңделген өнімдердің құрылымы мен текстурасы оларды жеңіл қорытуға ықпал етеді деп болжайды. Бұл өз кезегінде тоқтық сезімінің кеш пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, қосымша қоспалар, термиялық өңдеу ерекшеліктері және ішек микробиотасына әсері де маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер