Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық Artline Kazakhstan автоспорт командасы Lamborghini Super Trofeo сериясының Еуропа және әлем чемпионатының финалдық кезеңдеріне қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, шешуші жарыстар 6–9 қараша аралығында Италияның Мисано халықаралық автодромында өтеді.
Бұл додада отандастарымыз Шота Абхазава мен Егор Оруджев Pro Am санатында өнер көрсетіп, ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, Artline Kazakhstan екі финалдық сайысқа қатысатын жалғыз қазақстандық команда болмақ.
Lamborghini Super Trofeo - Lamborghini Squadra Corse ұйымдастыратын беделді халықаралық жарыс. Бұл серияға Еуропа, Азия және Солтүстік Америкадан үздік пилоттар қатысып, алты кезең бойынша 50 минуттық екі жарыстан тұратын сайыстарда бақ сынайды. Барлық қатысушылар Huracán Super Trofeo Evo автокөліктерін пайдаланады.
Бұған дейін Artline Kazakhstan командасы 31 тамыз күні Германияның Нюрбургринг трассасында өткен жарыстың төртінші кезеңінде екі күміс медаль жеңіп алған болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?