Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағанды облысының полицейлері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
- Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Шахтинск қаласының 53 жастағы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша ұсталды, - делінген Polisia.kz таратқан мәліметте.
Тәртіп сақшылары қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметіне байланысты емес екенін алға тартады. Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин айғақ заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын алға тартты.
Естеріңізде болса, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.
Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді