Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтада болған апаттың себебін мәлім етті.
«Үшінші қараша күні сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метан газы кенеттен тарап кетті. Апат кезінде шахтада жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. 5 адам қайтыс болды, қазіргі уақытта төрт адам ауруханада жатыр. Қазір авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Біз қаза тапқандардың отбасыларына, кеншілеріміздің әріптестеріне көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың, зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов.
Қазіргі уақытта жедел штаб кеңес өткізуде. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?